Самар ауданына жұмыс сапары аясында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов өңірдің су теңгерімін реттеуде маңызды рөл атқаратын «Ешкібай» су қоймасына барды.
Өңір басшысы мен ТЖД бастығы гидротехникалық нысанның қазіргі жағдайымен танысып, су тасқынына қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Су қоймасының ерекшелігі – оның барлық су ағындары су тасқын мерзімінде жиналады. Жылдық су ағынының 80% негізгі көлемі – сәуір мен мамыр айларында қалыптасады. Жаз-күз мезгілінде су арналары әдетте құрғап қалады. Бұл су шаруашылығын уақтылы жоспарлау мен техникалық бақылауды қажет етеді.
Нысанға бару табиғи факторларға байланысты тәуекелдерді азайту және су инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді.
Жұмыс сапары барысында ШҚО әкімі Самар ауданындағы №32 өрт сөндіру бөліміне барды.
Әкім ғимараттың қазіргі жағдайымен, материалдық-техникалық базасымен және құтқарушылардың өртке қарсы техникалық жабдықтарымен танысты.