ШҚО құтқарушылары Достық аллеясын отырғызды

ШҚО құтқарушылары Достық аллеясын отырғызды

Қазақстан халқының бірлігі күні мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ШҚО ТЖД-де ерекше іс-шара өтті. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері ұлттық киім киіп, әртүрлі этностық топтардың бірлігі мен татулығын бейнелейтін халықтар достығы аллеясын отырғызды. ШҚО ТЖД-де қазақ, орыс, беларус, неміс, өзбек, әзербайжан, дұнған және басқа да ұлт өкілдері қызмет етеді, оларды біріктіретін бір мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аллеяны отырғызу барысында құтқарушылар өздерінің әдемі ұлттық киімдерін көрсетіп, өз халқының салт-дәстүрімен бөлісті.
Мұндай шаралар жағымды әсер қалдырып қана қоймай, қызметтің тарихи маңыздылығын және жас құтқарушылар үшін берік рухани негіз қалайды.