Халық бірлігі – мызғымас қамал

Халық бірлігі – мызғымас қамал

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нәбиолда Кемешовтың қатысуымен «Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында Нәбиолда Кемешов биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанын атап өтті. Өзінің үш онжылдық тарихында Ассамблея Қазақстанның қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігінің өзегі болып қалыптасты. Ол қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретінде өз миссиясын абыроймен атқарып келеді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды тыныш, ісімізді әрі табысты жүзеге асыруға – қазіргі тәуелсіз Қазақстанды құруға мүмкіндік берді.

Шарада әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған құтқарушылардың ісі, Шығыс Қазақстан тұрғындарының қауіпсіздігі жолында бірлесе қызмет етіп жүргені жайлы көп айтылды.

Осындай дөңгелек үстелдер ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ қоғам арасындағы нәтижелі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.