Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай

Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қазақ халқының ұлы ақыны, гуманист-философ, композитор, көркем сөздің зергері Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Айжан Маратбекқызы Картаева шақырылды.

Айжан Картаева Абай Құнанбайұлын әлемдік ойдың ұлы тұлғасы ретінде таныстырды. Абай 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Бүгінгі күнге дейін оның шығармашылығының аз ғана бөлігі жеткен. Сонымен қатар, Айжан Маратбекқызы ұлы Абайдың қазақ поэзиясына жаңашылдық әкелгенін атап өтті. Ол қазақ ақындары ішінде алғаш болып алтыжолды және сегізжолды өлең түрлерін қолданған. Абай Құнанбайұлы жас кезінен орыс және еуропа әдебиетімен, сондай-ақ шығыс ғалымдарының еңбектерімен қызыға танысқан.

Іс-шара аясында тақырыбымен Өскемен қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары  азаматтық қорғау аға лейтенанты Ерлік Жағыпаров сөз сөйлеп «Абайдың қара сөздерін» оқыды, ал осы бөлімнің өрт сөндіруші-құтқарушысы Бекарыс Адаханбек «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» атты өлеңін оқыды.

Осындай Ұлы Абайдың құрметіне арналған іс-шаралар ұлы ақынның мұрасын еске салып, болашақ ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына болып қала береді.