Өскемен қаласының "Назарбаев Зияткерлік мектептері" базасында "World Robot Olympiad-2025" — "Роботтардың болашағы - 2025" Олимпиадасының өңірлік кезеңі өтті.
Жаттықтырушы Айсұлу Камалбаеваның жетекшілігімен команда құрамында: Николь Буторина - "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің" 2 А сынып оқушысы және № 10 мектеп - гимназияның 3 Г сынып оқушысы Кузнецов Матвей Future Innovators Elementary санатында I орын алды.
Балалар қалалық ортада кішігірім өрттерді анықтауға және сөндіруге арналған өрт сөндіруші роботты таныстырды.
Бұл роботтың басты артықшылықтарының бірі-оның жабдықталуы: түтін датчиктері және жүйенің автономиясы, оған әртүрлі ортада, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда, қоймаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қашықтан басқару пульті арқылы операторлар қауіпсіз жерде қалу арқылы оның жұмысын бақылай алады, бұл құтқарушылар үшін қауіпті азайтады.
"Біз роботтың жасалған жобасына кері байланыс бердік, осылайша өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздігінің алдын алуға байланысты осындай конкурстарды дамытып отырмыз. Бір қызығы, балалар өртті сөндірудің тиімділігін қалай арттыруға және өрт кезінде адам шығынының алдын алуға болатынын ойластыруда. Болашақта бұл роботтың прототипі өрт сөндірушілерге өртпен күресуге көмектесу арқылы қолданыла алады. Мұндай шешімдерді қолдау-балалардың зияткерлік шығармашылығын дамытудағы маңызды қадам", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еркегенов.