
Өскемен қаласындағы Примыкание көшесінде шопандар бұзауды жоғалтып, дауысын естігеннен кейін оны шұңқырдан тапты.
Шопандар өз бетінше оны шығара алмайтындығынан құтқарушыларды көмекке шақырды. Келген ТЖД қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен
үш метрлік тереңдіктен салмағы 200 келіге жуық жануарды аман-есен алып шықты.
Жануарларға көмекке келу-ТЖМ-нің маңызды міндеттерінің бірі.
Біз үшін әрбір өмір маңызды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.