
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиакөлік» ұшқыштары Руслан Ағланбеков пен Олег Алфеев МИ-8 тікұшағында санитарлық авиация бригадасы – дәрігер Рим Меңдібаев пен фельдшер Татьяна Сергеевамен бірге он тоғыз жасар науқасты Риддер қаласынан облыс орталығына жедел түрде жеткізді.
Ауыр жарақат алған зардап шегушіні облыс орталығындағы медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін әуе рейсі қажет болды.
Санитариялық авиация ұшқыштары мен дәрігерлердің іс-әрекеті науқастар мен жарақат алған адамдарды жету қиын, шалғай аудандардан тасымалдау арқылы өмірді сақтауға көмектеседі.
«Біздің басты міндетіміз - кейде минуттар есептелетін және адамдардың өмірі соған байланысты болғанда көмекке келу, сондықтан мұндай жағдайда тікұшақ ең жақсы шешім болып табылады», - деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштары.