ТЖМ тікұшағы ЖКО кезінде зардап шеккендерді тасымалдау үшін іске қосылды

ТЖМ тікұшағы ЖКО кезінде зардап шеккендерді тасымалдау үшін іске қосылды

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары "МИ-8" тікұшағында санавиация дәрігерлерінің бригадасымен ЖКО кезінде зардап шеккен 1991 жылы туған Риддер қаласынан облыс орталығына шұғыл тасымалдады.

Шұғыл медициналық рейстер жоғары кәсіби дайындықты және барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысын талап етеді. "Қазавиақұтқару" экипажы мен дәрігерлердің жедел іс-қимылдарының арқасында пациент Өскемен медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетіледі.

Қазақстан ТЖМ өмірді құтқару жөніндегі маңызды миссияны орындауды жалғастыруда.