
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Айыртау ауылында құтқарушылар батпақты жерде автокөлікпен батып қалған азаматтарға көмекке келді.
5 адам отырған автокөлікті құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен таза жолға сүйреп шығарды,саяхатшылар өз жолдарымен сапарларын жалғастырды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмеріне хабар беріңіздер.