Электронды форматта қылмыстық сот ісін жүргізу

Электронды форматта қылмыстық сот ісін жүргізу

ҚР ТЖМ Анықтау басқармасының бастауы бойынша ШҚО ТЖД ШҚО Прокуратурасының бірінші басқармасының прокуроры Ернар Қалижаровтың қатысуымен семинар-кеңес өтті. Негізгі басты тақырып «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін дұрыс, тура жүргізу мәселесін талқылау болып табылады.

Прокурормен ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелерінің анықтау қызметкерлеріне қылмыстық сот істерін тергеу тәртібі бойынша, сонымен қатар заңнама талаптарына сәйкес құжаттарды «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне дұрыс енгізу және процестік шешімдерді қабылдау туралы ұсыныстар берілді.

Осындай прокуратура өкілдерінің қатысуымен өткізілген бірлескен кездесулер қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтық мәдениетінің, кәсіптік сауаттылығының деңгейін арттырады, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықты бұзушылыққа жол бермейді.