Апаттар медицинасы орталығының Шығыс Қазақстан филиалының реаниматолог-дәрігері Андрей Злобин "KidsFm.kz" балалар радиосына сұхбат берді.Ол жүргізушілерге өз кәсібінің қыр-сырлаоы, жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берді.
Төтенше жағдайлар аймағында, су айдындарында, ЖКО кезінде, қысқы кезеңде зардап шеккендерге, сондай-ақ өрт кезінде улы газдан зардап шеккендерге көмек көрсету.
Сондай-ақ, Андрей Злобин жүргізушілерге санавиация ұшағының апаттық қонуы кезінде адамдарды құтқару туралы әңгімелеп берді.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін Андрей Злобин балаларға қажетті дәрумендерді ішіп жүруге, салауатты өмір салтын ұстануға және шынығуға кеңес берді.