Кеше ТЖМ қызметкерлері ат үстінде орманға шығып, қайтып оралмаған үш ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Ер адамдар орманнан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, олар байланыс құралдары мен қажетті жабдықтарсыз жолға шыққан.
Іздеуге ТЖМ қызметкерлері мен жедел құтқару жасағының кинологиялық жасағы, ПД мен ЖАО жұмылдырылды.