Ұлан ауданы,Қасым Қайсенов кенті 10 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты бар,ол 1999 жылы салынған және қазіргі күні қайта жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жасаған жұмыстық сапары кезінде өрт сөндіру депосына барды. ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов облыс әкімін қызмет өткеру шарттарымен таныстырды.
Өткен уақыт кезеңінде ғимараттың конструкциялық және пайдалану сипаты өзінің өзектілігін жоғалтқан, қазіргі талаптарға сәйкес келмейді, қажетті жанарту жұмыстарын жүргізулерді қажет етеді.
Облыс әкімі Сақтағанов Нұрымбет қарауыл қызметкерлерінің жұмысы мен тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін, сонымен қатар олардың жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, ғимараттың екінші қабатына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы пайдалануға енгізу жоспарланғаны туралы айта кетті.
Бұл жеке құрамға заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін жақсы жағдай жасауға мүмкіндік береді.