Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы жақындап келеді. Ардагерлерімізді есте сақтау, құрметтеу және қорғау, қамқорлық пен көңіл бөлу маңызды.
Өскемен қаласы ТЖ басқармасының жеке құрамы "Jastar OSKEMEN" волонтерларымен бірлесе отырып, "Ардағым ардагерім" акциясына қатысып, 12 жасынан бастап тылда Жеңіске жету үшін жұмыс істеген тыл ардагері Нұрғатия Төкежановаға барды.
Соғыс жылдарын бірге еске алып, оның үйінің аумағын тазалауға көмек көрсетті.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақта өткенге, Ұлы Жеңіс күніне құрмет пен естелікті тәрбиелейді.