ШҚО ТЖД-де өртқаупті кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мүдделі органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов қатысушылардың назарын төтенше жағдайлардың алдын алу, орман-дала аймағында өрттердің болуына жол бермеу бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыруға аударды.
Іс-шара барысында орман шаруашылықтарын материалдық-техникалық жарақтандыру, өртке қарсы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз ету, елді мекендер, өндірістік нысандар, теміржолдар мен автожолдар, электр желілері, орман алқаптарының маңында минералдандырылған жолақтар жасау, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерін, балалардың жазғы демалыс орындарын, пансионаттар мен санаторийлерді қорғау бойынша алдын алу шаралары талқыланды.
Өрт қауіпі жоғары кезеңде мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерге дер кезінде әрекет ету мақсатында әкімдіктер 48 өрт сөндіру бекетін құрды. Олар 101 елді мекенді қорғауда.
Табиғи өрттерді сөндіруде заманауи құралдармен жабдықтау, цифрлық әрекет ету жүйелерін енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Ағымдағы өртқаупті кезеңінде орман және дала алқаптарына әуеден толыққанды бақылау жасауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады. Сонымен қатар, термонүктелер бойынша деректерді беру арқылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» арқылы ғарыштық мониторинг жүзеге асырылады.
Мұндай шаралар барлық қызметтердің өзара іс-қимылын нығайтып, өрттердің алдын алу бойынша кешенді міндеттерді шешуге ықпал етеді.