Бірлескен меморандумға қол қойылды

Бірлескен меморандумға қол қойылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойды.

Маңызды құжат төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимыл дағдыларын, оның ішінде мүгедек адамдармен объектілерде оқыту, Төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, азаматтық қорғау саласындағы алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету және жүргізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Меморандумға қол қою рәсімі Төтенше жағдайлар департаментінің қабырғасында өтті. ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов атап өткендей: «Меморандум азаматтарды қорғай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін тетік құруға мүмкіндік береді».