Өңірге екі күндік сапармен келген Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов бастаған мамандар тобы су тасқыны жағдайын бағалап, облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.
Комиссия мүшелері, жергілікті билік пен құтқару қызметтерінің өкілдері Алтай ауданының Зубовка және Малеевск ауылдарында, сондай-ақ Шемонаиха ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі алдын алу шараларының барысымен танысты. Қар деңгейі мен мұздың ағуы талданды.
"Шығыс Қазақстанда өткізілген сенбіліктер мен су тасқынына қарсы іс-шаралар жергілікті тұрғындардың өз үйлерінің аулаларын таза ұстауына және уақытылы қауіпсіздік шараларын қолдануына үлкен әсер етті. Өңірде бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізілді",-деп Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдар: "Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 107 су тасқынына қарсы іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 16 учаскеде мұзды жару бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, 386 мың текше метр қар шығарылды, 4 853 су өткізу құрылымы, 493 арық, 112 канал тазартылды, 437 көпір жөнделді".
Өз кезегінде ТЖД бастығы Рашид Блялов ТЖМ құтқарушылары мен азаматтық қорғау қызметтерінің су тасқыны кезеңінің түрлі сценарийлеріне дайындығы, құлақтандыруға және эвакуациялауға, қабылдау пункттерінде уақтылы ұйымдастырылған орналастыруға және халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз етуге дайындығы туралы хабарлады.
Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жауапты қызметтердің үйлесімді жұмысын атап өтті, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар ауқымды және жүйелі жүргізілуде.
Мониторинг нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жауапты қызметтердің үйлесімді жұмысын атап өтті, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар ауқымды және жүйелі жүргізілуде.