
Ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Шыңғыс Есімханов Зайсан ауданынан Өскеменге "Ми-8" тікұшағымен жеткізді. Бортта санавиация дәрігерлерінің бригадасы - реаниматолог Александр Патрин мен фельдшер Бек Асаубаев бірге еріп барды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында 1955 жылы туған пациент медициналық мекемеге сәтті түрде дереу жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды.