
Алтай ауданына келген Қ.Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда. Алтай қаласында, Зубовск, Тургусун, Малеевск, Быково, Богатырево, Соловьево және Маяк кенттерінде бүгінгі күні 3505 м. арық жүйесі, 50 м. көпір, 27 су өткізу құрылыстары тазартылды, 420-дан астам қап инертті материалмен толтырылды.
Аталған жұмыстар су басудың алдын алуға және елді мекендерді қорғауға көмектеседі.