
Өскемен қаласында, Промышленная көшесінде ағаштан жасалынған шаруашылық құрылысы өртенді. Құтқарушылар келген сәтте
өрт құрылысты қатты шарпыған болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерімен жалын 165 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Өрт аймағынан өрт сөндірушілер екі газ баллонын шығарды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Шаруашылық құрылыстарында өрт қауіпті материалдарды жинауға жол бермеу керек.
Өрт болған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.