
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының мамандары, қызметтегі болашақ кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлді. Кәсіби бағдар беру жұмысының аясында ТЖД өкілдері Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының № 5518 әскери бөліміне барып, онда мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесіп, құтқарушылар қатарында жұмысқа орналасу және конкурсқа қатысу ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу ережелері, Академияны бітірген соң азаматтық қорғау офицері погоны берілетіндігі жеткізілді
Іс-шара барысында Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының мамандары әскери бөлім сарбаздарының барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның кәсіби психологы азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет ететін сарбаздардың рухын көтеру мақсатында тренинг өткізді.