
Өскемен қаласында, Қалдаяқов көшесінде жеке тұрғын үй өртке оранды.
Келген өрт сөндірушілер отпен күреске кірісті.
Өрт 140 шаршы метр аумақта тоқтатылды.
Зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Электр құрылғыларын пайдалану кезінде салғырттыққа жол бермеңіз, отпен абай болыңыз және сымдардың күйін қадағалаңыз.
Өрт кезінде 101 және 112 хабарлаңыз.