ШҚО өзен арналарына мониторинг жүргізу жалғасуда

ШҚО өзен арналарына мониторинг жүргізу жалғасуда

Су тасқынының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысында Самар, Марқакөл және Күршім аудандарындағы өзендер мен гидротехникалық құрылыстарға бақылау жүргізілді.

Лайлы, Орта-Теректі және Төменгі Тайынты су қоймаларының ГТҚ қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Суды жіберу түпкі су шығару арналары арқылы жүзеге асырылуда.

Өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты.