
Матч ҚР ТЖМ 30 жылдығына және "Наурыз мейрамы"мерекесіне орай өтті.
Жарысты ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Фархат Әміре ашты:"футбол сияқты спорт түрі ұжымдық рух пен физикалық төзімділікті дамытуға көмектеседі, бұл біздің қызметкерлерге қойылған міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік береді". Құттықтау сөзінде ол турнир қатысушыларына табысты старттар мен мықтылардың жеңістерін тіледі.
Футбол матчтарына қатысушылар әуесқой спортшылар болса да, алаңда нағыз жарқын және әсерлі күрес басталды.
Командалар шеберлікті, тапқырлықты және өшпес спорттық рухты көрсетті. Кубок үшін соңғы жекпе-жекте командалар шайқасты: Қ. Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальоны, Марқакөл ауданы ТЖБ 31-ӨСБ, Өскемен қаласы ТЖБ мамандандырылған жасағы, ШҚО ТЖД басқармасы аппараты.
Жарыстың қорытындысы Өскемен қаласы ТЖБ мамандандырылған жасағы командасының жеңісі болды. Екінші орынды ШҚО ТЖД басқарма аппараты иеленді, үшінші орынды 2-ші құтқару батальоны иеленді.
Жарыс аясында номинациялар анықталды: Үздік шабуылшы-Русланұлы Әмір, 2-ші құтқару батальоны;
үздік ойыншы-Ақзамбеков Азамат, Өскемен қаласы ТЖБ;
Үздік қорғаушы-Булюкбаев Талант, Марқакөл ауданы ТЖБ 31-ӨСБ;
Үздік қақпашы-Ибраимов Айбек, Өскемен қаласы ТЖБ мамандандырылған жасағы.
Футзалдан жарыс ШҚО ТЖД қызметкерлері үшін жарқын оқиға болды, құтқарушылардың жұмысында дене шынықтыру дайындығы мен командалық рухтың маңыздылығын атап өтті.