ҚР ТЖМ әуе кемесі жаңа туған нәрестенің шұғыл тасымалдауын жүзеге асырды

ҚР ТЖМ әуе кемесі жаңа туған нәрестенің шұғыл тасымалдауын жүзеге асырды

ШҚО ауа-райының күрделі жағдайлары мен жолдардағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты, сондай-ақ кішкентай пациенттің асқынуларын болдырмау мақсатында ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Қоржыбай Абай мен Абдул Әли сәбиді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Риддер қаласынан Өскеменге жеткізді.

 Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды.