ШҚО ТЖД ең ұзын бұрым сайысы өтті

ШҚО ТЖД ең ұзын бұрым сайысы өтті

Халықаралық әйелдер күні мерекесі төңірегінде ШҚО ТЖД қызметкерлері ең ұзын бұрым сайысына қатысты. 

Бұрыннан ұзын шаш – әйелдердің ішкі энергетикасының, нәзіктіктің символы болып есептелген. Әйелдердің шашында өз отбасын қолдау күші сақталады.

Бұрымдарын өлшеу кезінде ең ұзын бұрым Глубокое ауданы ТЖБ қатысушыларында екенін көрсетті. Жеңімпаз Глубокое ауданы ТЖБ инженері азаматтық қорғау майоры Сымбат Демесинованың бұрымы – 93 см., Белоусовка кенті 24-ӨСБ радиотелефоншысы азаматтық қорғау кіші сержанты Ақмарал Баймолдинаның бұрымы – 85 см., Шемонайха ауданы ТЖБ 28-ӨСБ радиотелефоншысы азаматтық қорғау кіші сержанты Наталья Лейс-Бычкованың бұрымы – 73 см.

Жеңімпаз қыздар өздерінің әдемі бұрымдарын қалай күтетіндерімен бөлісті. Оның кұпиясы өте қарапайым екен, ең бастысы шаш табиғи болу керек, егер табиғи болмаса бұндай әдемілік пен ұзындыққа қол жеткізу оңай емес.