Өрт сөндірушінің хоббиі - адам мен құс арасындағы байланысы.
Глубокое ауданы Алтайский к. №21 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дархан Абзалов ежелгі қазақ дәстүрі - құсбегілікпен айналысады. Оның ерекшелігі – адам мен құс арасындағы байланысты орнату. Дархан Абзалов Төтенше жағдайлар қызметінде 2009 жылдан бастап қызмет етеді. Ол көптеген өрттерді жоюға қатысты, ең ірісі- 2024 жылы элеваторда болған.
Қиын жұмыс күндерінен бос уақытта ол өзінің «Қандықөз» есімді бүркітімен өз өңірінің тау-жоталарында аң аулауға арнайды. Құсбегі болу өрт сөндіруші Дархан Абзаловтың қанына сіңген, оның арғы атасы да әйгілі аңшы болған. Жақында Дархан Түркістанда ұйымдастырылған чемпионатқа қатысып, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан Республикасының VIII чемпионатында өз шеберлігін көрсетті.
«Соңғы жылдары Қазақстанда құсбегілікке деген қызығушылық артты. Құсбегілер тек қана құстарды тәрбиелеп, кәсіби аңшылыққа үйретіп қана қоймай, ұлттық өнерді насихаттайды», - деп атап өтті Дархан Абзалов.