ШҚО-да алғаш рет су тасқыны болжамының цифрлық картасы жасалды

ШҚО-да алғаш рет су тасқыны болжамының цифрлық картасы жасалды

ШҚО құтқарушылары үшін төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу маңызды. Шығыс Қазақстанда алғаш рет су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ТЖ алдын алу басқармасы мен Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы су мен су ағындарының деңгейін бірнеше күн бұрын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық карта жасады. Жүйе ГАЖ модулімен біріктіріліп, картадағы болжамдарды көрсетеді, бұл нақты уақыт режимінде тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді.

Карта су тасқыны қаупі бар барлық учаскелерді және қауіпті аймақтағы үйлерде тұратын тұрғындардың саны туралы деректерді көрсетеді. Құтқарушылар нақты уақытта облыста жүргізілетін инженерлік жұмыстар мен алдын алу іс-шараларын қадағалап, өз түзетулерін енгізе алады.

Болашақта жасанды интеллект жүйені метеорологиялық спутниктермен біріктіруге, халыққа автоматты құлақтандяруды енгізуге мүмкіндік береді. Жедел қызметтері және мобильді қосымшалар сияқты басқа платформалармен өзара әрекеттесу арқылы функционалдылықты кеңейту, бұл төтенше жағдайларға жауап берудің тиімділігін арттырады.