ТЖД өрт сөндірушілері жанып жатқан автобусты сөндірді

ТЖД өрт сөндірушілері жанып жатқан автобусты сөндірді

Өскемен қаласында Ярославская көшесінде автобустың моторлы бөлігі мен салоны өртеніп кетті. Жүргізуші көлікті алдын ала тоқтатып, одан шығып кетті.

ТЖД күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.