ШҚО-да көрші жігіт төрт жасөспірім балалармен қарт әйелді өрт шалған үйден құтқарып алды

ШҚО-да көрші жігіт төрт жасөспірім балалармен қарт әйелді өрт шалған үйден құтқарып алды

 

 

Зайсан ауданында, Айнабұлақ ауылында, Шайзаданов көшесінде жеке тұрғын үйде өрт болды. ШҚО ТЖД қызметкерлері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірат терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, 1956 жылы туған қарт әжеге және 2017, 2019, 2020 және 2023 жылы туған төрт балаға өрт шалған аймақтан шығуға көмектесті.
№ 25 ӨСБ келген өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақта өрт сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала өрттің себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жою қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.

Өрт кезінде дереу "112"нөмірі бойынша хабарлаңыз.