Жыл сайынғы жарыс Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Жедел-құтқару жасағының суда құтқару станциясында”өтті. Мұнда жас қатысушыларға арналған «мұзды өткел», «шаңғы жолы», «ату тирі» ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Алмас Рақышев жиналған жүзден астам оқушыларды құттықтап, балаларға қазіргі әлемдегі құтқарушы мамандығының маңыздылығын еске салып, құтқару қызметінің дағдыларын үйренудің пайдалы болатынына сенім білдірді және оларға болашақта төтенше жағдайға тап болған адамдарға көмектесе алатындарын айтты.
Ұлдар мен қыздар қиын қашықтықты шаңғымен еңсеріп, «кокок» - тасымаудалыш” жасап, «жәбірленушіге» көмек көрсетіп, оны тасымалдап, мұзды суға құлаған адамды аман алып қалды.
Жарыс барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, сынықтар кезінде, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Қиындықтарға қарамастан, барлық 13 команда тапсырмаларды сәтті орындады,ал жеңімпаздар мұнда ең бастысы- қауіпсіздік мәселелері бойынша жинақталған тәжірибе мен білім екенін атап өтті.
Жарыстың қорытындысы: №35 мектеп оқушылары арасынан Гран-приге ие болды, бірінші орынды No4 және №22 мектептің жас құтқарушылары, екінші орынды №26 және 39 мектептердің командалары және үшінші орын No29, 42, 37 мектептерге бұйырды.
«Бұл жарыстар өскелең ұрпақ үшін өте қажет және өте маңызды, олар қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқараспен қарауға, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануға және физикалық тұрғыда дамуға ұмтылуына үйретеді», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: Ишар Савазов.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі