Өрт сөндірушілер жер асты газгольдеріндегі факелді жануды сөндірді

Өрт сөндірушілер жер асты газгольдеріндегі факелді жануды сөндірді

ШҚО Алтай қаласында Бұқтырма көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында 200 литрге жуық газы бар жерасты газгольдерінен пропан-бутан қоспасының жануы орын алды.

Газ ұстағышты салқындату үшін үздіксіз су беруді ұйымдастыра отырып, арнайы жылу шағылыстыратын костюмдерді киген құтқарушылар жарылыстың алдын алып, кейіннен тұрғын үй мен гаражға оттың таралуына жол бермеді.

Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы үйлерден құтқарушылар 16 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы уақытылы қауіпсіз қашықтыққа шығарды. Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.