ШҚО-да құтқарушылары сәбиге көмекке келді

ШҚО-да  құтқарушылары сәбиге көмекке келді

Шемонаиха қаласында кішкентай баланың аяғы балалар төсегінде қысылып қалды. Ата-аналары өз бетінше аяғын шығара алмай, 112 қызметіне хабарласты.

Көмекке келген ТЖД қызметкерлері құрал-саймандармен төсектің бұрандасын шешіп, баланың аяғын босатты. Құтқару операциясы өткізген кезде бір жасар батыр бала өзін тыныш ұстады және ТЖ қызметі мамандарының жұмыс істеуіне кедергі келтірмеді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.