ШҚО ТЖД құтқарушылары "Қазавиақұтқару" АҚ "Ми-8" тікұшағында әуеден барлау өткізді. Мамандар Глубокое ауданының өзендердегі мұз кептелістер мен сеңнін жүруін тексерді. Тікұшақта "Қазселденқорғау" мамандары да болды, олар өз кезегінде қар көшкін қаупі бар ошақтарды қарап шықты.
Аудан аумағы толығымен қармен жабылған.
ШҚО ТЖД атап өткендей, аэровизуалды мониторинг су тасқыны жағдайының болжамын барынша тиімді жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта зерттелген маршрутта мұз кептелістер мен сеңнін жүруі байқалмайды.
Глубокое ауданында таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі "Қазселденқорғау" мамандарының мәліметтері бойынша 60 см құрайды. Мұнда қар көшкіні қаупі бар 26 ошақ бар. Бір күн бұрын қауіпсіздік мақсатында "Өскемен - Үлбі-Севреное таулы" автожолының учаскесінде қар көшкіндерінің профилактикалық түсуі уақтылы жүргізілді, нәтижесінде 2090 текше метр қар түсірілді.
Өңірде жағдайға мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі