ШҚО ТЖД құтқару операциаларының қорытындысын шығарды

ШҚО ТЖД құтқару операциаларының қорытындысын шығарды

2024 жылы ШҚО ТЖД қызметкерлеріне 127 000-нан астам қоңырау келіп түсті, 106 адамды құтқарып, түрлі төтенше жағдайларға тап болған 307 азаматты эвакуациялады. 229 рет ауыр науқастар мен аз қозғалатын азаматтар тасымалданды, қалған бір балаға көмек көрсетілді, 142 жануар құтқарылды. Қорытындылай келе, ШҚО ТЖД құтқарудың ең есте қаларлық тарихын атап өтті.

 "Құлындарды құтқару" операциясы

Глубокое ауданында, Прапорщиково ауылында жылқылар жайылымда болды. Үш құлын су айдынынан өтіп, аралға көтеріліп, су арқылы жағалауға өздігінен жете алмады. Оқыс жағдайға тап болған жануарларды байқаған куәгерлер құтқарушыларды көмекке шақырды. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен құлындар қамалып қалған орынға жетіп,оларды аман-есен қауіпсіз жерге жеткізді. Бүкіл құтқару операциясы кезінде жануарлар өздерін тыныш ұстады және құтқарушыларға мойынсұнып, барлық әрекеттерді ұқыпты және асықпай орындауға мүмкіндік берді.

Өзендегі көлік

Өскемен қаласында Самал саябағының ауданында куәгерлер Ертіс өзенінде автокөлікті байқап, құтқарушыларға қоңырау шалды. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалаудан 100 метр қашықтықта "Subaru Impreza" маркалы автокөлікті тапты. Сүңгуірлік жабдықтың көмегімен құтқарушылар тексеру жүргізді, құрбандар мен зардап шеккендер табылмады. Белгілі болғандай, көлік құралының иесі  көлікті қауіпсіз қоймағандықтан Ертіс өзеніне құлап кеткен.


Күшікті тұтқындаудан босатты
Өскеменде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жануарға көмектесті. Ахмирова кентінің тұрғыны "тұтқынды" өз учаскесінде көше дәретханасының шұңқырынан тапты. Ер адамның  өздігінен көмектесуі сәтсіз болды. Содан кейін ол құтқарушыларды шақырды. Жануарларды аулауға арналған ілмектің көмегімен олар төрт аяқты "кішкентай күшікті "ұқыпты және ептілікпен шұңқырдан алып гықты. Құтқару операциясының сәтті аяқталғандығын ТЖ қызметінің қызметкерлерімен бірге жануардың сүйкімді суреті дәлелдейді.

 Мүйізділерді құтқару

Құтқарушылар Ертіс өзенінің аралындағы судың қоршауында қалған бес ешкі малына көмекке келіп, оларды қайықпен  эвакуациялады. Жануарлардың жайылымнан үйге оралмағанын білген қожайыны дабыл қақты.

Оқыс жағдайға тап болған тұяқтылар бүкіл құтқару операциясын сәтті өтіп, айдауға бағынып, ТЖ қызметкерлерінің арқасында жағаға жетіп, жүзу құралынан шапшаң секіріп түсті.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

 Гараждың шұңқырына құлаған адам құтқарылды

Өскемен қаласында 1984 жылы туған ер адам гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон конструкциясы басып қалған. Жедел келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен ауыр еденді көтеріп, ер адамды абайлап алып шықты, содан кейін оны жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.


Ауыр жағдайға ұшыраған сиырды құтқарды

Оқиға ШҚО Риддер қаласындағы Луговая көшесінде болған. Майка есімді сиыр басын автокөлік дөңгелегіне тығып алған. Мүйіздер тіреуіш ретінде шинаны ұстап тұрды және ол шөп те, су да іше алмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар жануарды босатуға күштерін салды. Майка сиыры құтқару операциясы кезінде ТЖ мамандарына тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік берді, сондықтан бәрі жақсы өтті

Ерекше құтқару операциясы

 Риддер қ. Свердлов көшесі бойындағы үйлердің бірінде ТЖД құтқарушылары сегіз жасар балаға көмекке келді. Ол үйде балаларымен ойнап жүріп аяғын редуктор мен газ баллонының тұтқасының арасына кіргізіп шығара алмаған.Алаңдаған ата-аналар 112 қызметіне жүгінді.ТЖД қызметкерлері "Holmator" авариялық-құтқару құралының көмегімен баллонның тұтқасын кесіп, баланың аяғын босатты. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!