Шығыс Қазақстан облысында қысқы кезеңге автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Тұраров хабарланды.
Қысқы кезеңде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 783 бірлік қар тазалау техникасы дайындалды, оның ішінде автогрейдерлер, әмбебап жол машиналары және қар тазалағыш щеткалы тракторлар бар. Техниканың шамамен 90%-ы жұмысқа жарамды күйде және пайдалануға дайын, - деді Нұрбек Тұраров.
- Қар көшкіні қаупі бар жерлердегі қауіпсіздікке ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалы «ШҚТЭУ» 20 қарөлшеу-көшкін бағыттарын әзірледі. Бұл бағыттарда филиал мамандары қызмет көрсететін 160 қарөлшеу аспабы орнатылған. Биыл барлық аспабтар қалпына келтіріліп, жөндеуден өтті. 2024 жылдың 15 қарашасынан бастап филиал мамандары қар көшкіні қаупі бар аймақтарға 20 жерүсті тексеріс жүргізіп, «Қар көшкіні қауіпті аймақ! абай болыңыз!» деген жазуы бар 40 ескерту белгісін орнатты, - деп атап өтті «Қазселденқорғау» ШҚАПБ басшысы Советбек Станбеков.
Қар басу қаупі бар бөліктерде қар ұстайтын қалқандар мен торлар орнатылды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап облыста тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік орталықтар іске қосылды. Бұл орталықтар жолдардың жағдайын бақылайды, ауа райы өзгерістеріне жедел түрде жауап береді, барлық деректерді ТЖД және полиция бөлімдеріне жібереді.
Қысқы төтенше жағдайларды жою үшін 1717 адам және 686 бірлік техника жұмылдырылатын болады. Құтқару және медициналық пункттер дайындалды.
- Күрделі жерлерде жұмыс істеу үшін 114 бірлік жоғары өтімді техника дайындалған. Оның 25 бірлігі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойында, сондай-ақ қар басу қаупі жоғары аймақтарда орналасқан,- деді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева мәлімдеді.
Өткен жылы облыстық маңызы бар жолдар 44 рет жабылған болатын. Оның себептері қардың көп жабуы, боран, нөлдік көрініс, аяз және қар көшкіндерін бақылау жұмыстары еді.
Биыл қабылданған шаралар осындай оқиғаларды азайтуға бағытталған.