Бүгін таңертең Өскемен қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жиһаздар мен жеке заттардың жануы орын алды.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 37 минут ішінде өрт сөндірілді.
ШҚО ТЖД күштері ғимараттан 6 бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады.
ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.