Куәгерлер өзеннің ағысы алып кете жаздаған қызды құтқарды

Куәгерлер өзеннің ағысы алып кете жаздаған қызды құтқарды

Өскемен қаласының екі тұрғыны қыздың өмірін сақтап қалды. Ол ыстық күнде салқындап алғысы келіп, Үлбі өзеніне қарай төмен түсіп, тепе-теңдікті ұстай алмай, суға құлап кеткен. Көмек сұраған дауысты жақын жерде тұрған Дәурен Тоқтағанов пен Жаңасбек Пермабек естіген. Олар еш абыржымай, тез көлікке отырып, өзеннің қарама-қарсы жағалауына жетіп, төменге қарай түсіп, суда ағаш бұтақтарынан ұстанып тұрған қызды көрген. Жаңасбек өзенге кіріп, қызды  судан тартып алып шығып, Дәуреннің қолына берді.

Қазіргі уақытта 2005 жылы туған тұрғын қауіпсіздіз жағдайда.

 ШҚО ТЖД су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауды ұсынады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды.

Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.