Азаматтық қорғау қызметкерлері су айдандарында рейдтерді жалғастыруда

Азаматтық қорғау қызметкерлері су айдандарында рейдтерді жалғастыруда

Жаз мезгілінде көптеген адамдар су айдандарында демалуды тандайды. Алайда, суда сақтықтың керек екендігін және оның арты қайғылы оқиғаларға әкелеріне көбі сене білмейді. Қайғылы оқиғаларды алдын алу үшін 01.07.2020 жылы Зайсан ауданының ТЖБ және №25 ӨСБ-нің қызметкерлері Зайсан қаласында орналасқан суға түсуге тиым салынған «Платина» бөгеуіне рейд жұмыстарын жүргізіп,демалушыларға су қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, алдын алу көрнекілік материалдарын ұсынып, суға кеткен адамдардың статистикасымен таныстырылды.
Басты назар балаларға бөлінеді, себебі жаздың ұзақ демалысында үлкендердің қарауыңсыз қалған олар, өздеріне қолайлы жерлерді өздері шешеді. Сондықтанда, азаматтық қорғау қызметкерлері әрдайым ата -аналарға балаларының қайда жерде және кіммен жүргендерін, өте қауіпті болғасын, өзенге шомылуға жібермеулерін өтініп отырады.
Қауіпсіздік ережелері қарапайым, яғни: қауіпсіз жерде, шомылу уақытын дұрыс таңдау, шомылу кезінде ойын ойнамау, тамақтан кейін және алкоголь пайдалып суға кірмеу, сонымен қатар әлсіздік, жүрегі айнау, ыстық немесе тоңып тұрса суға шомылмау. Кішкентай балаларды суға қараусыз қалдырмау.
Әр адам өзінің қауіпсіздігі өзінің жауапкершілігінде екенін есте ұстауы тиіс.