
Глубокое ауданының, Прапорщиково ауылында жайылымда жүрген жылқылар ішіндегі үш құлын су айдынындағы аралға өтіп, судан жағалауға өздігінен жете алмады.
Тығырыққа тірелген жануарларды байқаған куәгерлер ШҚО ТЖД құтқарушыларын көмекке шақырды.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен құлындар тұрған жерге жетіп, оларды аман-есен қауіпсіз жерге жеткізді.
Бүкіл құтқару операциясында жануарлар өздерін тыныш ұстады және құтқарушыларға мойынсұнып, барлық әрекеттерді ұқыпты және асықпай орындауға мүмкіндік бергендей болды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.