Өрт сөндірушілер үстел теннисі турнирінде бірінші орынды иеленді

Өрт сөндірушілер үстел теннисі турнирінде бірінші орынды иеленді

Ұлы Отан соғысы және ІІО ардагері К.Р. Рахимовтың 100 жылдық мерейтойына арналған Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлері арасындағы жарыстар.

11 команда жеңіс үшін жарысты. ШҚО ТЖД қызметкерлері байсалды және қызықты ойын қорытындысы бойынша 1-ші жалпы командалық орынға ие болды.

Жеке есепте Таврия ауылының №12 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Елнар Қайдаров ерекше көзге түсіп, сөзсіз жеңімпаз атанды. Сондай-ақ команда құрамында Өскемен қаласының мамандандырылған отрядының өрт сөндіруші - құтқарушысы Эльдар Зарипханов пен Риддер қ. 1-МӨСБ радиотелефоншысы Оюунгэрэл Цагаанбаатарын нәтиже көрсетті.