ШҚО ТЖД Әйелдер кеңесінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

ШҚО ТЖД Әйелдер кеңесінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша жиын өтті. Ведомство басшысы Ерғали Бахаев төтенше жағдайлар қызметінде құтқарушылардан басқа маңызды жұмыс майданын атқаратын әділетті әйеллер қауымы да барын атап өтті. Дөңгелек үстелде әйелдердің қоғамдағы рөлі, гендерлік саясат және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды. Шара барысында кадр және тәрбие бөлімінің мамандары, психологтар мен жеке құрам инспекциясы сөз сөйледі.
Әйелдер кеңестерінің қызметі әйелдер мен отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әйелдердің қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған. Келесі отырыстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылға арналған іс-шаралардың перспективалары белгіленді.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі