Қауіпсіз балалар демалысы

Қауіпсіз балалар демалысы

 

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысына, бос уақытына және жұмыспен қамтылуына байланысты брифинг өтті.

"Жазғы кезеңде өскелең ұрпақтың толыққанды демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру елдің әлеуметтік саясатының басым міндеті болып табылады. Облыста жазғы демалыспен және сауықтырумен 1-10 сынып оқушыларының 100% -., оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қамту жоспарлануда. Облыстағы жазғы лагерьлер желісі 420 бірлікті құрайды, оған қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлер кіреді", - деді Білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы балалардың қауіпсіз жағдайда демалуы үшін өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді. Ол балалардың жазғы демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай - ақ, ол лагерьлерде балалардың шомылу орындарын дайындау бойынша қажетті іс-шараларды-су айдындарын демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттардан тексеру және тазарту бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуді атап өтті.  Құтқару қызметінде арнайы даярлықтан өткен, қоршау белгілерін орнатқан жағажайда кемінде екі құтқарушы-жасақтың болуы міндетті.

Қуатбек Кенжебекұлы балалардың жазғы демалысын ұйымдастырушыларға қауіпсіз жазғы демалысты қамтамасыз ету бойынша барлық кешенді шараларды қабылдау қажеттігі туралы баяндады.