Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесіндегі үйдің тқрғындары құтқарушылардан көмек сұрады. Аулада өсіп тұрған 4 қабатты үймен бірдей ағаштың басында жарты күн бойы отырған мысық өздігіненн түсе алмаған. Жаны ашыған адамдар түсіріп алмақ болып қанша әрекеттенсе де түк шықпаған. Сондықтан да 112 нөмірін теруге тура келді. Көмекке ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасақтың құтқарушылары келіп жетті. Нұрсұлтанов Дәулет ағашқа шығып, оны сілки бастады, ал сол кезде төменде тұрған әріптесі Қасенов Арнат мата жайып төтенше жағдайға тап болған мысықты «қағып» алды.
Тұрғындар әлеуметтік желілерде құтқарушыларға алғыс білдірді.
«ТЖМ қызметкерлеріне үлкен алғыс айтқымыз келеді! төрт қабатты үйдей ағаштан түсе алмаған мысыққа көмектесті, ол байғұс күні бойы отырды. Түске дейін отырған мысықты түсірмек болып қанша тырыссақ та еш нәтиже болмады. Құтқарушыларды мекенжайға шақырғанымыз сол еді, 10 минут ішінде келіп, мысықты түсіріп берді, оның жағдайы жақсы. Қызметкерлерге тағы да алғыс білдіреміз! Денсаулықтарыңыз қор болсын!»
Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыз.