Құтқарушылар шұғыл көмек көрсетті

Құтқарушылар шұғыл көмек көрсетті

Бүгін Шемонаиха ауданының құтқарушыларына әткеншек теуіп жүрген балақайдың саусағын қысылып қалғаны туралы хабар келіп түсті. 28-ӨСБ мамандары дереу оқиға орнына құтқару операциясын жүргізу үшін шықты. Балақай қатты ауырсынып, жылап жатты, саусағы ойын алаңындағы карусельдің айналатын жерлеріне қысылып қалған еді. Осындай келеңсіз жағдайды шешіп, балаға көмектесу үшін 15 минут уақыт қажет болды.  карусель қаңқасынан мойынтіректі біліктен шығару үшін шансты құралдарды пайдалануға тура келді. Саусағын босатқан соң баланы жедел жәрдем мамандарына табыстады. Құтқарушылар сынған әткеншекті қоршап, оны жөндеу қажеттігі ткралы әкімдікке хабарлады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз