"Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында ("Усть-Язовое орманшылығы) жетуі қиын таулы жерлерде құрғақ шөп, бұта жанып жатыр.
Аудан анықталуда.
Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшыларының, жергілікті атқарушы органдардың және Қазавиаорманқорғаудың жеке құрамынана 123 адам, 3 бірлік техника және ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы жұмылдырылған.
Рельефке жету қиын.
Тікұшақтармен 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтін нүктелері бар, ол жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ.
Осы жерде ШҚО әкімінің орынбасары
Е. Нұрбаев бар.
Облыс әкімі Е. Көшербаев қазір Риддер қаласынан 80 шақырым жерде өрт шыққан жерде, ондағы өрт қазіргі таңда оқшауланған.