Өскемендік құтқарушылар Буян атты бұзауға көмекке келді

Өскемендік құтқарушылар Буян атты бұзауға көмекке келді

Қоңырау Машиностроителей көшесінен түсті. Құтқарушылар келіп жеткен кезде жануар шамамен 5-6 метр тереңдіктегі шұңқырда болған. Мамандандырылған жасақ қызметкерлері арқанның көмегімен «Буян» атты бұзауды абайлап шығарып алды.

Төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлері атап өткендей, «Буян» құтқару операциясына шыдамдылықпен төтеп берді, сондықтан сәтті және  тез өтті. Қожайындары жоқ кезде бұзау келеңсіз оқиғаға тап болған еді.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жануарлары бар азаматтардан үй жануарларын қараусыз қалдырмауды, оларды арнайы бөлінген орындарда бағуды сұрайды.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.