Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өткен қалалық бос орындар жәрмеңкесіне әр түрлі салаларда 400-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынатын 45-ке жуық кәсіпорын қатысты.

ШҚО ТЖД қызметкерлері жұмыс іздеушілерге жүргізушілердің бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жалпы біліктілік талаптары:
- В, С санаты бойынша көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің болуы.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары:
- қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының мөлшерін ұлғайта отырып, тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыру жәрдемақысы, мансаптық өсу;
- арнайы атағы мен өтіліне байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.
ШҚО ТЖД-да жұмыс істегісі келетіндерге Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 97/1 мекенжайы бойынша немесе 25-07-94 телефоны бойынша хабарласа алады.