Көктем көптен күткен жылы ауа-райын алып келді, көбісі терезе ашып құлаудан қорғаныш ретінде терезедегі шыбын-шіркеуге қарсы торға сенеді. Бұның соңы жазатайым оқиғаларға әкеп соғуда. ШҚО ТЖД мамандары 2022 және 2023 жылдары аралығында талдау жасап, нәтижесінде облыста балалардың терезеден құлауының 4 оқиғасы тіркелген екен.
Оның ішінде екеуі биылғы жылы Риддер қаласы мен Алтай ауданында орын алды.
Риддер қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 2021 жылы туған пәтер иесінің ұлы қараусыз қалып құлап кеткен, ауруханаға жатқызылды. Алтай қаласында 2021 жылы туған ұл бала 2 қабаттан құлап, емдеу мекемесіне жеткізілді. Оқиға балаға тиісінше қарамау салдарынан орын алған.
«Осындай жазатайым оқиғалар балалары бар үйлер мен пәтерлерде міндетті түрде терезеге ұоршау қою қажеттігін көрсетеді. Терезеге орнатылатын тордың құлаудан еш қорғамайтынын еске саламыз. Керісінше терезедегі торды көрген бала оны қауіпсіз деп санап, және оған сүйеніп құлап жатады» - жеп атап өтті ШҚО ТЖД.
ШҚО ТЖД еске салады:
-Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
- Балалар бар пәтерде терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс
- Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз
- Баланың терезе алдына шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз
- Баланы терезе алды тақтайшасына шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіз жоқтада қайталауы мүмкін
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз
- Есіңізде болсын, шыбын-шіркеуге қарсы тор баланы құлаудан құтқармайды.
Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда! Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112,101 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз