Ардагерлер қызмет атқару кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Естелік мемориалына гүл шоқтарын қойды

Ардагерлер қызмет атқару кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Естелік мемориалына гүл шоқтарын қойды

1918 жылдың 17 сәуірінде «Отпен күресудің мемлекеттік шараларын  ұйымдастыру туралы» декретке қол қойылды. Дәстүр бойынша, осы күні ШҚО ТЖД арадагерлері қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды еске алып,  ескерткішке гүл қояды. Биылғы жылы да дәстүрден қалыс қалған жоқ. Салтанатты рәсімнен кейін ШҚО ТЖД мамандарымен бірге өз өмірлерін азаматтардың қауіпсіздігі үшін жанын қиғандарды еске алды. Шығыс Қазақстан гарнизонында осы батырлар әрқашан жүрегімізде және мақтанышпен еске алады:  В.В. Белоножко, Р.Т. Икенов, С.В. Белякин, А.К.Мұсақанов, Е.М.Нурпеисов, В.М.Синельников-өрт сөндірушілер және құтқарушылар. Таңдаған мамандықтары мен өз міндеттерін адал атқарды.

Еске алу және ерлікке теңеу - даңқты дәстүрлерді сақтау біздің қызметімізде  жас ұрпаққа тәрбиелейді»- деп атап өтті ШҚО ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Кодубенко.

           Осы күні сонымен қатар қызметтің ардагерлеріне «Өрт сөндіру қызметіне 105 жыл» естелік медальдары берілді.